Қарағандының ағыл-тегіл жұрт ағылған көшелерінің біріндегі аялдама жанында иесін күткен ит жатыр. Бұл жапон хикаятындағы әйгілі Хатиконы еске салады. Қарағандыда көптен бері аялдама маңын торуылдап жүрген итке жұрттың назары ауды. Маңайдағы халық оны әбден танып алған. Шамасы иесін күтіп жүрген болуы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі. Біреулер бірер ай десе, енді бірі