Дін қайраткері Шамиль Аляутдинов Астанада 4 желтоқсанда өтетін бизнес-форумға қатыспайтын болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео арқылы мәлімдеді. «Құрметті қазақстандықтар, наразылық толқынын тудырмау үшін және ұйымдастырушылар мен спикерлерге проблемалар туғызбау үшін Астанаға (Қазақстанға) бармайтын болдым», деді ол. Сондай-ақ ол «наразылық толқынын» тудырған адамдарға қарата тағы да мәлімдеме жасады. «Құдай сендерге төреші. Қазіргі уақытта