Хорватия дәрігерлері коронавирустың омикрон-штамының BA.4 және BA.5 нұсқаларын анықтады деп хабарлады turkystan.kz Қазіргі уақытта Хорватияда эпидемиологиялық шектеу шаралардың барлығы алынып тасталған. Бұл коронавирустың жылдам таралуына жағдай жасауы мүмкін. Елде коронавирус таралуының күрт өсуіне байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау институты халықты вакцина алуға шақырып отыр.