Қызылордалық ауыр атлет, олимпиада жеңімпазы Илья Ильин екінші рет отбасын құрды. Спортшының бұл жолғы таңдауы астаналық кәсіпкер - Татьяна Гордиенко. Ол елордада бренд өнімдер интернет дүкенінің және фитнес клуб, косметологиялық салон иесі. Махаббатқа, шексіз бақытқа және ең жақсы адамға «иә» дедім, деп жазды спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.