Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық келісім туралы шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды. Тасмағамбетовты бас хатшы лауазымына қою туралы шешім Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде айтылды. Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. 2020 жылы ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалған Беларусь өкілі Станислав Зась отставкаға кетті. ҰҚШҰ бас хатшысы