Индонезияның Батыс Папуа провинциясында қаскүнемдер Жаңа Зеландиядан ұшып келген бортында ұшқыш пен бес жолаушысы бар ұшақты басып алды. Бұл туралы жаңазеландиялық үкімет басшысы Крис ХипкинсRadio New Zealandрадиостанциясының эфирінде хабарлады. Премьер-министрдің айтуынша, Жаңа Зеландия елшілігінің қызметкерлері қазіргі уақытта осы іспен белсенді түрде айналысып жатыр. Әзірге олар бізге болған оқиға туралы және жағдайды шешу үшін не істеп