Фото: видеодан скрин Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданына қарасты Көбенсай ауылының жұрты тағы да дабыл қақты. Жылдар бойы қордаланған мәселелерден көз ашпаған жергілікті халық атқарушы биліктің құрғақ уәдесінен әбден шаршаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. Өңір басшылығы мен аудан атқарушылары мәселені шешуге талай рет уәде бергенімен, іс жүзінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен инфрақұрылымның жоқтығы...