«Интер Майами» иесі Дэвид Бекхэм американдық команда сапына Анхель Ди Марияны қосқысы келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Ди Марияның «Ювентуспен» келісімшарты аяқталды. Енді ол Лионель Мессимен бірге АҚШ-қа аттануы мүмкін, деп хабарлайды тілші Фабрицио Романо Twitter-де.