Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық несиелеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Енді ипотека мөлшерлемесі сараланған болады бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, пайыз соғұрлым төмен болады. Ал қымбат «нарықтық» ипотеканы тек табысы орташа деңгейден жоғары азаматтар ғана ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.