Иранда Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеинің қаза тапқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде жұрттың қуаныш білдірген видеолары жариялана бастады. Желіде тараған кадрларда ирандық тұрғындардың бұл хабарды оң қабылдап, бір-бірін құттықтап жатқанын көруге болады. Бейнежазбадағы қыз: «Хаменеи шеттетілді! Баршаңызды құттықтаймын!» – деп ашық мәлімдейді.