Иран соты «Басидж» жасақтарының бір мүшесіне топпен шабуыл жасады деп айыпталған наразылық білдірушілерге үкім шығарды. Айыпталушылардың бесеуі өлім жазасына кесілді, ал қалғандары 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Associated Press Иранның IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Тергеушілердің мәліметінше, 12 қарашада Тегеран маңындағы Карадж қаласында наразылық білдірушілер тобы «Басидж» мүшесі Рухолла Аджамианға шабуыл жасаған.