Тегеран революциялық соты 15-бөлімшесінің судьясы Әбілқасым Салават қоғамдық орында билеген жұпты 10,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оларды қауіпсіздік қызметкерлері Тегерандағы Азади алаңына жақын маңда билеген видеолары үшін қамауға алған, - деп хабарлайды mediazona.ca«Аль-Арабияға» сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, 21 жастағы Амир Ахмади мен оның сүйіктісі Астиадж Хагиги «жамандықты насихаттады», «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін сөз байласты»