Иранның батыс Әзербайжан провинциясындағы сот екі ЛГБТ белсендісін шариғат заңы бойынша «Жер бетінде азғындықтың таралуына ықпал етті» деген айыппен өлім жазасына кесті. Бұл Иран тарихында әйелдің дәстүрлі емес жыныстық көзқарасына байланысты шығарылған алғашқы өлім жазасы, дейді құқық қорғаушылар. Бұл туралы Би-би-си жазды. 31 жастағы Зара Седигхи Хамедани мен 24 жастағы Ильхам Чубдарға қатысты үкім туралы