Иран билігі елдің ең танымал актрисаларының бірі Таране Алидоустиді қамауға алды. Актрисаға елдегі жалпыұлттық наразылықтар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еuronews басылымына сілтеме жасап. «Коммивояжер» фильмінің жұлдызы Instagram-да үкіметке қарсы демонстранттың өлім жазасына кесілгенін айыптаған жазбасын жариялаған. Бірнеше күннен кейін актриса ұсталды. Қарашада әлеуметтік желіде актриса наразылық білдірушілермен