Фото: видеодан скрин Таяу Шығыстағы қақтығыс күшейген тұста Қазақстанның логистикасына қауіп бар ма? Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев осы сауалға жауап берді. Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін негізгі стратегиялық бағыттар сақталып отыр. Алайда Парсы шығанағына бағытталған жүк тасымалында жүк жөнелтушілер көлемді уақытша ұстап отырғаны байқалады. Бұл – өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты сақтық шарасы....