Ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыда өткен әлем чемпионаты кезінде орамалын неге шешкенін айтты. Испанияның El Pais газетінде жексенбіде жарияланған сұхбатында 25 жастағы спортшы хиджабпен өзін жайсыз сезінетінін айтқан. Шахматшының айтуынша, ол Алматыдағы турнир алдында «тек камералар болса ғана орамал тағамын, себебі Иранның атынан қатысамын» деген. Алайда мен хиджабта өзімді жайсыз сезінемін. Сондықтан бұл жағдайды тоқтатқым