Ирандық альпинист Эльназ Рекаби Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында хиджабсыз өнер көрсетті. Осылайша ол Ирандағы наразылыққа қолдау білдірді. Енді ол өз елінде қылмыстық қудалауға ұшырау қаупі бар. Hindustan Times басылымның хабарлауынша, бұл ирандық спортшының хиджабсыз 43 жылдағы алғашқы өнер көрсетуі. 1983 жылы қабылданған Иран заңына сәйкес, қоғамдық орындарға хиджабсыз шығу үшін бас бостандығынан айыру жазасы