Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясында ресми сапармен жүр. Сапардың бірінші күнінде мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен экономиканың түрлі саласындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып