Неаполь шығанағы маңындағы аралда нөсер жаңбыр салдарынан көшкін түсіп, құтқарушылар жеті адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. Қаза тапқандар арасында сәби, 6 және 11 жастағы екі бала бар. Бес адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Аралда төтенше жағдай жарияланды, құтқару жұмыстары түні бойы жалғасады. Неаполь префекті Клаудио Паломбаның хабарлауынша, апат салдарынан 230 адам үйлерінен көшірілді.