Сенатор Ақмарал Әлназарова оңтүстік астананың жетекші медицина орталықтарын жабдықтаудағы проблемаларды айтты. Мысал ретінде ол Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығын келтірді. Оның айтуынша, мұнда ультрадыбыстық аппараттар, дефибрилляторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған сәулелі жарықпен жабдықталған үстелдер, инкубаторлар жетпейді. Ал жабдықтың тозуы 70%-тен асады. Бұл 2018 жылы Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысанының акционерлік қоғам болып өзгеруінің салдары. Осыған байланысты