12 желтоқсанда әскери киімдегі белгісіз ер адам Жамбыл облысындағы Құлан ауылында бірнеше үйге кіріп, тұрғындарды ұрып-соққан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жергілікті полиция мәліметінше, ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бет тұсына соққы келтірген. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы