Жамбыл облысының экс-әкімі, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады. Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION» - «INFR.» ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған. Кәрім Көкірекбаев 1957 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданында туған.