Әлеуметтік желіде белгілі қазақстандық актер Жан Байжанбаевтың Кинематографистер одағының отырысында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды. Онда актер қазақстандық кино мен «Қазақфильм» киностудиясының дамуы туралы эмоцияға беріліп айтты. Байжанбаев студияда 44 жыл жұмыс істегенін, бірақ кейінгі 15 жыл бойы студияның жағдай мәз емесін айтты. «Киностудия мен біздің кинематографияның жай-күйі мені қатты қынжылтады. Мемкино мен Кинематографистер одағы