Балалардың жазғы демалысының екінші айы басталды. Ата-ана үшін «Баламның жазғы демалысын қалай мәнді, мағыналы өткіземін?» деген мәселе әлі өзекті. Өйткені жазғы демалыс – балалардың есінде ерекше сақталатын, олардың бойында жаңа дағдылар қалыптастыратын кезең. Психологтердің айтуынша, демалысты қызықты, тиімді әрі үнемді пайдалану үшін оны алдын ала жоспарлаған дұрыс және жоспар жасағанда баланың ішкі қалауы мен еркіндігіне …