Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын 120 адам жұқтырғаны анықталды. Бір күн бұрын ауруға шалдыққандар саны 105 болған. 10 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан 2 414 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 263 науқас стационарда, 2 151 науқас амбулаторлық емделуде. Науқастардың 14-інің жағдайы ауыр, 8 науқастың жағдайы өте ауыр, 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.