21 қыркүйекте таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысындағы тротуар жиегіне «Қабір» деген арт-перформанс қойылды. Бұл туралы Азаттық радиосына аты-жөнін жарияламауды өтінген адам хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, «қабірге әділ сайлау мен тәуелсіз бақылаушылар көмілген», ал оны көмген күректе «Жаңа Қазақстан — Қаңтар» деген жазу бар. Бұл арт-перфоманс «Жаңа Қазақстан» әділ сайлау мен тәуелсіз бақылаушыларды көміп