Ресей санкцияны айналып өтіп, Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін. Еуропадағы жоғары лауазымды дипломаттарға сүйенген Bloomberg агенттігі осылай деп жазды. Оның сөзінше, Ресейдің сауда-саттық жасауына санкцияға қосылмаған Түркия, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты үшінші елдер көмектесіп жатыр. Bloomberg дереккөзінің айтуынша, Еуроодақ пен “Үлкен жетілік” елдерінің санкциясына қарамастан, Ресейдің импорт көлемі соғысқа дейінгі кезеңге жуықтап