8 ақпанда Астана мен Алматыда журналистер мен құқық қорғаушылар баспасөз мәслихатын өткізіп, «Масс-медиа туралы» заң жобасының шикі тұстарын атап өтті, дейді qaz365.kz. Олардың пікірінше, заң жобасы осы күйінде қабылданып кетсе, журналистердің құқығы шектеліп, кәсіби тұрғыда жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанында құрамына 60-тан астам медиасала өкілдері, сарапшылар мен журналистер кірген жұмыс