Осыдан тура бір ай бұрын Мемлекет басшысы еліміздің Ата Заңы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бейнеүндеу жарияланған еді. 5 мамырдан бастап «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай ұйымдастыру, насихаттау мен түсіндіру, өткізу жұмыстары заңнамалық негіздерді сақтай отырып жүзеге асырылды. Менің ойымша, түсіндіру науқанында осы референдумды өткізудің мақсаты, ұсынылған мәселелер тұрғындарға жан-жақты түсіндірілді. […]