Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар өткізіп, 17 облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласындағы дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz