Мыңдаған қазақстандық студенттердің алдынан баспана мәселесі көлденең шықты. Көптеген университеттер карантиндік шектеулерге байланысты жатақханада тұру орындарын қысқартуға шешім қабылдаған. Бұдан былай бір бөлмеде екі адамнан артық орналасуға болмайды. Кімнің мүмкіндігі басым және басқалары не істеу керек? Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Инфомбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап хабарлайды.