2 наурыз күні Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында 13-ші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Дәрігерлердің мәліметінше, ұл бала 3650 грамм салмақпен, бойы 54 сантиметр болып туған. Босану табиғи жолмен өтті және сәтті аяқталды, – делінген аурухананың Facebook парақшасында жарияланған хабарламада. Сәбиге Эмин есімі берілген. Ол – 48 жастағы көпбалалы ана Лариса Кузнецованың тоғызыншы...