Қытайда бір күнде 9 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл өткен бір аптамен салыстырғанда екі жарым есе көп. Вирусты көп жұқтырғандар Гуанду провинциясында тіркелген. Бір қызығы, науқастың басым бөлігі вирусты симптомсыз өткеріп жатыр. Ал Қазақстанда кейінгі тәулікте 58 адамнан COVID-19 анықталды.