Президент жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейінгі құрамда болған министрлердің көпшілігі қызметінде қалды. Тек энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты. 2022 жылдың қаңтарынан бері энергетика министрлігін басқарған Болат Ақшолақов қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болды. Оның орнына 2021 жылдан бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарып келген Алмасадам Сәтқалиев келді. Сондай-ақ енді сыртқы істер министрлігін Мұрат