Астанада Жанәбіловтерге қатысты сот жалғасуда. Бүгін прокурор екеуін де Қылмыстық кодексінің 214 және 218-баптары бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына мүлкін тәркілеумен бірге 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.