Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Мырзағалиевтің айтуынша, «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бюджетінде аталған адамдарды жұмысқа орналастыруға қажетті қаражат көзделген . «Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде бір мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. …