Жаңаөзендегі 5548 әскери бөлімінің жатақханасында 19 жастағы әскери қызметшінің денесін әріптесі тауып алған. Бұл туралы Ақтау гарнизоны әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz сайты. Марқұм 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында қызмет етті. Ол Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапёр-маман болып қызмет атқарған. Үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлық жағдайды нақтылап