Жаңаөзендегі тұрғын үйде болған жарылыстан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 46 және 51 жастағы екі ер адам жарылыс кезінде ауыр жарақат алып, Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Дегенмен дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмаған. Өкінішке қарай, оларды құтқарып қала алмадық. Жағдайы өте ауыр болды. Туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі