Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста және күндіз оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста бұршақ күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.