Теңізі тартылған, ауасы жазда қапырық ыстық, ара-арасында топырақ суырып, азынаған желі тұратын сол өңірде кіндігінен байланып, нәпақасын теріп жеп, ілгері-кейінді тіршілік кешіп жатқан жаны сірі адамдардың тұрмыс-тіршілігін, төрткүл әлеммен сабақтасқан әлеуметтік мәселелерін тереңірек сезінгіңіз келсе, мархабат! Белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың прозасын оқыңыз. «Ән салуға әлі ерте», «Даңқ түрмесінің тұтқыны», «Жер …