Қазақстан шахматшысы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында бірінші тақталар арасында жүлдеге ие болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Олимпиада Үндістанның Ченнай қаласында өтті. Бірінші тақтада құраманың ең мықты ойыншылары ойнайды. Жансая Әбдімәлік үшінші орын алып, қола жүлдеге ие болды. Шахматшы өзінің Instagram-парақшасында жеңісіне қатысты пікір білдірді: Біздің командамызға керемет ойын көрсеткені үшін құтты