Жапония үкіметі түгелдей отставкаға кетті, деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі. Бұл Жапония премьер-министрі Фумио Кишиданың халық тарапынан қолдау деңгейінің төмендеуі аясында кадрлық өзгерістерді жүзеге асыру жоспарына байланысты болды. Министрлер кабинетінің шұғыл отырысы жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да басталды. Жапония үкіметінің жаңа құрамы бүгін белгілі болатыны атап өтілді. Отставкаға кеткен министрлер жаңа кабинет жасақталғанша өз міндеттерін