18 маусымда Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуыл елді дүр сілкіндірді. Бұл жағдайдан кейін қаржы сарапшылары елде несие мәселесін көтеріп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынған. Қаржыгерлердің сөзінше, сыйақы мөлшерлемесінің жоғары болуы халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56% шегінде. Бізде инфляция өте жоғары, 2022 жылы 20% болды.