Алматыда экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы көгалдандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экоакция өтті. «Жарқын күз» атты науқан қаладағы 8 аудан тұрғындарын біріктіріп, көше тазалау мен ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді қатысты, деп хабарлайды El.