Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Жиында жаңа экономикалық және технологиялық орталық құру жоспарлары талқыланғанымен, Президент өңірдегі негізгі инфрақұрылымның жағдайына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ауыз су, электр энергиясы, жол және интернет желісі мәселелерінің әлі күнге дейін шешілмегенін айтып, мұны Үкімет пен Алматы облысы басшылығы жіберген олқылық ретінде бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.