Абай облыстық полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан маньяк туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. «Абай облысының полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан, Семей қаласында жасөспірімдерді өлтіріп жүрген маньяк туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Қазіргі уақытта қала аумағында мұндай оқиғалар тіркелген жоқ. Ақпарат тексеріс барысында расталған жоқ. […]

«Жасөспірімдерді өлтіріп жүрген маньяк»: полиция желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

































