Жоғары білімді қазақстандық жастардың 40 пайыздан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы сенатор Нұртөре Жүсіп ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың айтуынша, түлектердің 30 пайыздан астамы бірден жұмыс таба алмайды.