Екі аптадан кейін басталатын Париж Олимпиадасына елімізден ең жас спортшы ретінде 17 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали қатысады. Бірақ ол 25 шілдеде 18 жасқа толмақ. Бұдан бөлек, осыған дейін тәуелсіз Қазақстан тарихында елімізден 18 жастағы 13 спортшы ел намысын қорғаған, деп хабарлайды Ulyssport.kz.