Танымал әнші Жазира Байырбекова қыздың артынан апаратын дүние мүлікті көпшілікке жария ету қазақтың салты екеніне сенбейді, деп хабарлайды Экспресс К. Өнер иесі бұл үрдіс соңғы уақытта үдеп бара жатқанына қапалы. Кімнің қанша қалың мал бергенінде, қыздың артынан қандай киім, қандай ыдыс әкелгенінде көпшіліктің қандай шаруасы бар? Бар адамдар апарсын, бірақ жария етпей-ақ қойсақ болмай ма?, дейді