Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz. «Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры – адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жанынан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті. Адам бойындағы қасиет әр түрлі ситуацияда ашылады. Генетикалық аутоиммундық дертке шалдыққан …